Атырау, 24 қараша 19:52
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҚР Мұнай және газ министрі қазақстандық қызметкерлердің шетелдік мамандарға қарағанда неліктен аз жалақы алатындығын түсіндірді

3 257 просмотра
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары жедел қайта құрудан өтетін болады. Бұл туралы БҚО-да жұмыс сапарымен жүрген ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

Оның айтуынша, Үкімет шешіміне сәйкес Атырау, Шымкент, Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттары қайта құрылады. 2016 жылы осы жұмыстар аяқталған кезде өнім Еуро-4 және Еуро-5 талаптарына сәйкес келетін болады.

БҚО әкімінің есептік кездесуінде тұрғындар сауалына жауап берген Ұ.Қарабалин сондай-ақ Қарашығанақтағы экологиялық хал-ахуалға, қазақстандық қызметкерлердің шетелдік мамандарға қарағанда неліктен аз жалақы алатындығына тоқталды.

Оның айтуынша, Қарашығанақты игеріп жатқан шетелдік компания зиянды қалдықтарды барынша залалсыздандырып отыр. Сонымен қатар бұл өндіріс жоғары технологияға негізделгендіктен, мамандардың біліктілігі де соған сай болуы керек. Сондықтан мұндай кен орындарына шетелдік мамандар шақырылады. Бірақ олардың саны 30 пайыздан аспауы тиіс. Мәселен, Қарашығанақта 3500-дей адам еңбек ететін болса, соның 260-қа жуығы - шетелдік мамандар.

Жалақы мәселесін Мұнай және газ министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе отырып зерттеп, тиісті шараларды қолға алуда. Қазіргі кезде кей жерлерде біліктілігі жоғары қазақстандық мамандардың еңбекақысы шетелдіктердің еңбекақысының деңгейіне жетіп қалған.

«Бұл мәселелердің қай-қайсысы да ұдайы назарда», - деді министр.

Дереккөз: inform.kz

20 ақпан 2014, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.