Атырау, 24 қараша 19:37
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Банктік террор" туралы іс бойынша ұсталғандар түсінік берді

1 603 просмотра

АСТАНА, 20 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. "Банктік террор" туралы іс бойынша ұсталғандар түсінік берді, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.

Бір күн бұрын Бас прокуратура, банктердің қаржылық ахуалы туралы жалған ақпараттың алғаш таратылуына қатысы бар бірнеше адам анықталып, ұсталды, деп хабарлаған. 

«Ол адамдар істегендерін мойындап, тиісті түрде жауап беруде және мұндай әрекеттерге баруларының жай-жапсары жайында егжей-тегжейлі баяндап берді. Олардың арасында алматылық заң компанияларының бірінің қызметкерлері мен банк заңгері бар», - деді Сүйіндіков.

«Олардың жауаптары басқа анықталған және ұсталған адамдардың түсініктемелері сияқты мұқият тексерілуде», - деп қосты ресми өкіл.

Дереккөз: newskaz.kz

 
20 ақпан 2014, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.