Светлана ЖАЛМАҒАМБЕТОВА.Қазақстан парламенті сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова теңгенің күрт құнсыздануына байланысты бүгін Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовті сынап, оның кәсіби біліктілігіне күмән келтірді.
Парламенттің пленарлық отырысында Келімбетовтің атына депутаттық сауал жолдаған Жалмағамбетова теңгенің құнсыздануына қатысты Келімбетовтың "тұрғындарды, парламент сенаты мен билік органдарын жаңылыстырғанын" айтты.
"21 қаңтарда өткізген брифингіңізде сіз сыртқы экономикалық ахуалдың қолайлы болуы және Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайдың тұрақты болуына байланысты теңге құнсызданбайды дедіңіз. Бірақ 11 ақпанда теңге 20 пайызға күрт құлдырады. Сіз журналистер алдында девальвация туралы біресе тек сол күні таңертең білгеніңізді айтасыз, біресе ол туралы шешім жарты жыл бойы жоспарланғанын айтасыз. Бұдан сіздің я кәсіби біліктілігіңізде, я этикаңызда проблема бар деген қорытынды жасауға болады" деді Жалмағамбетова.
Сенат депутаты бұған қоса девальвация салдарынан депозиттерге теңгедей салынған қаржының да 20 пайызға құнсызданғанын алға тартып, екінші деңгейлі банктердегі теңгемен ашылған депозиттердің жылдық сыйақы мөлшерін 13-14 пайызға дейін көбейту керегін айтты. Оның пікірінше, теңгенің құнсыздануы "теңгемен ашылған депозиттердің азайып, банктердің әлсіреуіне әкеп соғады".
Светлана Жалмағамбетова теңгенің құнсыздануы қаржылық шешім болғанымен, оның "әлеуметтік салдары болатынын" айтты.

Дереккөз: azattyq.org
20 ақпан 2014, 12:58