Серік ЖҰМАНҒАРИН.Облыстарда Жас кәсіпкерлер мектептерi жұмыс iстейтiн болады. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Экономикалық белсендi халыққа бизнес ашу және жүргiзу, мемлекеттiк қолдаудың құралдары мен шарттары бойынша ақпарат және консультация алуға мүмкiндiк беретiн бiрыңғай бизнес-инфрақұрылым құрылатын болады. Шағын және орта бизнес субъектiлерiн және онда жұмыспен қамтылған халықтың жылдық санын көбейту мақсатында оқыту бағдарламалары бойынша жұмыс жандандырылады. Оның iшiнде, бизнесiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге «Бизнес кеңесшi» бағдарламасынан бөлек, өз бизнесiн жаңа бастаған субъектiлерге «Бизнес өсiм» жобасы iске қосылатын болады. Әр облыста жүйелi түрде Жас кәсiпкерлер мектебi жұмыс iстейтiн болады», - дедi С.Жұманғарин.
Дереккөз: bnews.kz
20 ақпан 2014, 12:16