Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті. «Банктердің қаржылық ахуалы жөніндегі ақпараттарға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іздестіру шаралары жүргізілуде. Бірқатар тұлғалар анықталды және оларға қатысты тексеру шаралары басталды», - деді ол.
Оның атап өтуінше, талап арыз енгізіліп, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.
"Бас прокуратура жалған хабарламаларды таратуға кінәлі тұлғалардың барлығы қылмыстық қудаланумен қоса, материалдық және заңмен белгіленген өзге де жауапкершіліктерге тартылатындығын мәлімдейді", - деді Н.Сүйіндіков.
Дереккөз: inform.kz