Атырау, 24 қараша 19:35
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматыдағы Ұлттық банк ғимаратының алдында кезекті митинг өтуде

1 762 просмотра
Фото: Фото: "Қазақстан жаңалықтары" АА.Бүгін Алматыдағы Ұлттық банк ғимаратына "Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысының 50-ге тарта өкілі банк төрағасы Қайрат Келімбетовке петиция тапсыруға келді. Астана, Шымкент, Талдықорған, Ақтөбе қалаларынан жиналғандар банк басшылығынан несиеге алған пәтерлерінің мәселесін шешуді талап етпек.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиналғандармен сөйлесуге Ұлттық банктің ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыс департаментінің директоры Александр Терентьев шығып, баспана мәселесін шешу үшін банкте комиссия құрылғанын айтты. Наразылар комиссия құрылғанын естімегендерін, оған неге қозғалыс өкілдері енбегенін сұрады. Бұдан соң Терентьев комиссия құрамына қозғалыс өкілдерін қосу жайын сөйлесу үшін 5-6 белсендіні банкке кіргізді.

Азаттық тілшісі банк айналасында ондаған полицей жүргенін, бірнеше полиция көліктері тұрғанын байқаған.

"Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысы мүшелері Алматыда бұған дейін де жиын өткізіп, үкіметке "банктердің ипотекалық несие беру бағдарламасын қайта қарайтын комиссия құру" туралы талап қойған. Олар комисия құрамында үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялар, ақпарат құралдары мен банктер өкілдері, депутаттар болуын қалайды.
 
Дереккөз: azattyq.org
19 ақпан 2014, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.