Сондай-ақ мәслихат отырысында депутаттар Алматының 2014 жылға арналған бюджетін нақтылады. «Бюджеттің жалпы сомасы - 389 млрд. 673 млн.теңге. Нақтыланған бюджет - 318 млрд. 944 млн. теңге немесе 15 млрд. 736 млн. теңгеге өскен» делінген хабарламада.
Сессия барысында Алматы әкімі Ахметжан Есімов теңге бағамының өзгеруіне байланысты қала бюджетін қайта қарау қажеттігін атап өтті. Бұл ретте барлық әлеуметтік мәселелерге жұмсалатын қаржы толық сақталатын болады. Оған қажетті қаржы көздері қарастырылуда.
Бұған қоса, қала басшысы мәслихат депутаттарына өз округтерінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылау қажеттігін баса айтты.
Дереккөз: inform.kz