Атырау, 24 қараша 20:03
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы үш банктің банкроттығы туралы өсекті жоққа шығарды

2 371 просмотра

АСТАНА, 18 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов  үш банктің банкроттығы туралы өсекті жоққа шығарды. 

"Бүгiн смс хабарламалар арқылы бiрқатар қазақстандық банктердiң қаржылық жағдайы туралы жалған ақпараттар таратылды. Бұл өз кезегiнде ақша салымдары бар адамдар арасында бос дүрлiкпе туғызды. ҚР Ұлттық банкi бұл ақпарат жалған, шындыққа жанаспайтын, провакациялық және елiмiздiң банк жүйесiн тұрақсыздандыруға бағытталған ақпарат екендiгiн мәлiмдейдi. ҚР Ұлттық банкi аталмыш провакациялық мәлiметтердiң таралуын алдын алу және оған кiнәлiлердi анықтау мақсатында құқық қорғау органдарына арыз түсiрдi. ҚР Ұлттық банкi қазақстандық банктерде ұлттық және шетел валюталары жеткiлiктi деңгейде екендiгiн хабарлайды. Керек болса, Ұлттық банк кез келген уақытта банктердiң ликвидтiлiгiн қамтамсыз ете алады. Айта кетейiн, заңнамаға сәйкес, жеке тұлғалардың депозиттерi мемлекетпен қорғалған", - деп мәлiмдедi Келімбетов.

Дереккөз: newskaz.kz

 
18 ақпан 2014, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.