АСТАНА, 18 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда ұзақ уақыт суық ауа-райын ұстап тұрған күшті аяздар сынып, ақпан үшін ерекші жылы ауа райы келеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" метео қызметі.
"Қазақстан аумағында осынша уақыт суық ауа-райын ұстап тұрған күшті антициклон бұзылып, Монғолияға жылжып барады. Оның орнына Ресейдің Еуропа аумағынан Атлантика үстінде қалыптасқан циклон жылжып барады", - делінген хабарламада.
Республиканың барлық дерлік аумағында қар, кей жерлерде бұрқасын, батыс жел 15-20 м/с, және көптен күткен – ауа температурасының көтерілуі күтілуде.
"Тіпті солтүстік облыстарда түнгі температура 20 ақпанға 5-15º аязға дейін, ал оңтүстік және батыс облыстарында 0-10º аязға дейін көтеріледі, ол осы кезең үшін қалыпты температурадан 3-8º жоғары", - дейді синоптиктер.
Дереккөз: newskaz.kz