Атырау, 24 қараша 19:22
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еліміздің бірнеше облысында газ қымбаттайды

1 694 просмотра

Көгілдір отынды сырт елдерден сатып алып отырған 4 облыс пен Алматы қаласында енді газ қымбаттайды.

Мұны табиғи монополияны реттеу Агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов айтты, деп хабарлады 31 телеарна. Ол аздай шенділер талай жыл тұтынушыдан тұрақты ақша алса да, жабдық жаңарту ісіне мойын бұрмай келген монополистердің инвестициялық бағдарламаларында жеңілдіктер қарастыруға әзір. 
Әлбетте тек тарифті өсірмегендеріне. Бірден 4 салаға жауапты ведомстволардың бірінші басшылары тілшілерге айтар ақпарын алдын ала тиянақтап алып жатыр. Дайындалған мәлімет 5 облыс тұрғандарының қалтасына қосымша салмақ салады екен.
Өйткені Қостанай, Оңтүстік пен Батыс Қазақстан, Алматы облысы мен Алматы қаласындағы газ тарифтері көтеріледі. Бірақ шенділер өсімді барынша азайтуға тырысып жатқанын айтты.
Төраға өзге тарифтер жыл басында өскендіктен енді 1 тоқсанның соңына дейін өзгермейтінін айтты. Алайда әлгі межелі мерзімнің тәмамдалуына небәрі 45 күн қалды. Осы аралықта көгілдір отыны қымбаттайтын өңірлердің арасында азық- түліктің тұрақтылық қорын уақтылы қамдамағандар бар болып шықты.

Дереккөз: ult.kz

17 ақпан 2014, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.