«Әрине, мен өз еліме қола жүлде жеңіп алғаныма қуаныштымын. Осы жарысқа төрт жыл тынбай дайындалдым. Қазақстандықтар және менің жанкүйерлерім үлкен қолдау айтуда. Әрине әлем чемпионатынан кейін психологиялық қысым болды, бірақ мен отандастарымның үмітін ақтағаныма қуанамын. Қазақстан үшін осынау үлкен додада қола медаль алып бергеніме қуаныштымын», - дейді ол.
Оның айтуынша, Олимпиада барысында іштей үлкен жауапкершілікті сезінген.
«Жарыстың екінші күнінде мен өз-өзіме қатты күш түсірмеуге тырыстым. Бұдан да үлкен қысым барын түсіндім. Жалпы жақсы орындап шығуды ғана ойладым. Керісінше, қысқа бағдарламада өзімді қамшылай бердім, нәтижесінде оны үздік орындап шыға алмадым. Сондықтан екінші күні мен ештеңені ойламай, тек жақсы өнер көрсетуге тырыстым. Соңында бұл тактика өз жемісін берді. Негізінен психологиялық қысымды спортшылардың өздері жасайды. Өз-өзімізге ауыртпалық түсіреміз. Қазіргі уақытта ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудың деңгейі өте жоғары. Шамамен 15 адам медальдан үмітті болады. Осы Олимпиада біз қаншалықты деңгейлес екенімізді де көрсетіп берді. Менен Хавьер Фернандес тек 2 ұпайға ғана қалып қойды. Бұл біздің нәтижелеріміздің қаншалықты жақын екендігін көрсетеді», - деп атап өтті Д.Тен.
Дереккөз: inform.kz