АСТАНА, 17 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Әрбір екінші қазақстандық жарнамаға сеніп немесе достарының кеңесі бойынша дәрі қабылдайды деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова парламент мәжілісінің «үкімет сағатында».
"Бүгінгі таңда біз әлеуметтік зерттеу жүргізгенде, әрбір төртінші қазақстандық антибиотиктерді бақылаусыз қабылдайтыны, әрбір екінші адам жарнамаға сеніп немесе көршілерінің кеңесі бойынша дәрі қабылдайтыны белгілі болды", - деді Қайырбекова.
Оның айтуынша, республикада Дүниежүзілік банктің жобасы аясында денсаулық сақтауды дамыту орталығының базасында дәрі-дәрмектік ақпараттық-сараптамалық орталық ашылған, оған жылына 26 мың өтініш түседі. "Бұл қалыпты жұмыс, қарқыны ұлғаятын болады", - деп сендірді министр.
Дереккөз: newskaz.kz