Атырау, 24 қараша 20:00
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Айырбас пункттері қызметін реттеу экономиканы долларсыздандырудағы шаралардың бірі болады - Ұлттық банк төрағасы

1 604 просмотра
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ел экономикасын долларсыздандырудағы нақты шаралардың бірі айырбас пункттерінің қызметін реттеу болады. Бұл туралы «КТК» телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасында қонақта болған ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Менің ойымша, біздің экономикамызды долларсыздандыруға бағытталған шаралардың бірі айырбас пункттерінің қызметін реттеу мәселесі болады. Мен айырбас пункттерінің қожайындарын қандай да бір қатал шаралармен қорқытқым келмейді. Барынша өркениетті шаралар бар. Бұл пункттер қандай да бір банктің құрамдас бөлігі бола алады немесе басқа да реттеу шаралары туралы келісімге келе аламыз», - деді ол.

Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы бүгінгі таңда жекеменшік айырбас пункттері қауіпті тұрақсыздандырғыш элементі болып отырғандығын да баса айтты.

«Ұлттық банк бұл мәселені бірнеше мәрте көтеруге тырысты.  Барлық уақытта да айырбас пункттері шағын және орта бизнес ретінде әрі оған шектеу қоймау керектігі тұрғысында қаралып келді. Біз осымен үшінші девальвацияның нәтижесінде мемлекеттің барлық қаржы ағындарын нақты реттеуі керектігіне, ал ол үшін сәйкесінше ақпараттық базаның қажеттігіне көз жеткіздік», - деді Қ.Келімбетов.

Дереккөз: inform.kz

17 ақпан 2014, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.