Атырау, 24 қараша 18:55
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Теңгенің жаңа бағамы 2014 жылы импорт көлемінің өсуіне жол бермейді - Қ.Келімбетов

1 255 просмотра
Теңгенің жаңа бағамы 2014 жылы импорт көлемінің өсуіне жол бермейді. Бұл жөнінде бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Ұлттық банктің болжамы бойынша, 155 теңге көлеміндегі бұрынғы теңге бағамын сақтап қалған жағдайда, биылғы жылы импорт өсімі 2013 жылмен салыстырғанда 10 пайыздан артық мөлшерде болады күтілді. Жаңа бағамға байланысты импорт өсімі 2014 жылы былтырғы деңгейінде сақталады деп болжанып отыр», - деді ол.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, бұл жаңа өндірістердің дамып, ел экономикасының өсуіне және халықты жұмыспен қамтуға оң серпін береді.

«Теңгенің жаңа бағамы Ұлттық банктің алтын-валюта қорының әрі қарай төмендеуіне жол бермейді. Инфляция деңгейінің айтарлықтай күрт өсуі болмайды деп күтілуде», - деп толықтырды ол.

Дереккөз: http://bnews.kz
14 ақпан 2014, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.