Атырау, 5 желтоқсан 18:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Президент көктемде өндіріс жұмысшыларының жалақысын 10 пайызға көтеруді жүктеді

2 060 рет қаралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өндіріс жұмысшыларының жалақысын 10 пайызға арттыруды тапсырды.

«Cамұрық-Қазына» қорына, оның  құрамына кіретін компанияларға 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап тікелей өндірісте жұмыспен қамтылған жұмысшылардың жалақысын 10 пайызға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Тек қана өндірістегілердің айлығы артатын болсын», - деді Елбасы қор басшысы Ө. Шөкеевке қаратып айтқан сөзінде.

Осы орайда Мемлекет басшысы кеңселік қызметкерлердің жалақысын арттыру керек емес екенін қадап айтты.

Н. Назарбаев  тау-кен және металлургиялық,  мұнай-газ саласындағы ірі компаниялар,  ұлттық компаниялар өндірісте қамтылған жұмысшылардың айлығын аталған деңгейде көтеру керек екенін атап өтті.

Дереккөз: inform.kz

14 ақпан 2014, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.