«Бүгінгі отырыста мен Үкіметке барынша салмақты тапсырмаларды атап өттім. Олар бойынша, құжаттар, бағдарламалар, заң жобалары әзірленетін болады, күнделікті атқарылатын жұмыстар да жеткілікті. Сондықтан да, Үкімет образды түрде айтқанда «казармалық режим» жұмысына өтуі керек. Тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін болады», - деп атап өтті Елбасы.
Президент бұл ретте Үкімет алдына жүктелген тапсырманың әрбір пунктін өзі тікелей бақылайтынын, аппарат осымен айналысатынын мәлімдеді. «Өйткені, біз алдыға қойған міндеттерді атқара аламыз ба, жоқ па соның бәрі осыған байланысты. Ең бастысы, бізде бәрі бар, тек жұмыс істеу керек. Әркімнен мықты сұрау болады. Кімнің кім екені де осыдан білінеді. Сондықтан да жұмыс істеңіздер. Ең ақыры бұның бәрі - елдің қамы, Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен өркендеген отыз елдің қатарына қосылуға ұмтылыс. Ал бұл оңай жұмыс емес, халықтың алдында да осы үшін жауаптымыз. Сондықтан да, жауапкершілікті мойынға алып, күндіз-түні жұмыс істеуге де тиіспіз», - деді Н. Назарбаев.
Дереккөз: inform.kz