Атырау, 24 қараша 19:10
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Адам қағып өлтірген Мақсат Үсеновке қатысты жаза қатаңдатылды

2 904 просмотра
Мақсат ҮСЕНОВ.Мақсат ҮСЕНОВ.АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда жол-көлік оқиғасын жасап, бір адамның өліміне себепкер болған Мақсат Үсеновтің жүргізуші куәлігі тағы бір жылға алынып, үстінен 28 мың теңге айыппұл салынды. Бүгін Алматыда сот Мақсат Үсенов жол ережесін бұзды, соның кесірінен адамға орта деңгейлі жарақат салды деген айыппен әкімшілік іс қаралды.

«Судья Нұржан Пакердинов сот үкімін жариялады. Онда Мақсат Үсеновтің жүргізуші куәлігін айыру жазасы тағы бір жылға созылды,  сонымен қатар 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Осылайша, жүргізуші 2018 жылға дейін көлік айдау құқығынан айырылды», - дейді Алматы қалалық сотының баспасөз-хатшысы Қуандық Ешімет.

Қ.Ешіметтің айтуынша, зардап шеккен тарап сот шешіміне қарсы еместігін және толық келіскендігін жеткізген.

Бұның алдында сот шешімімен М.Үсенов 45 тәулікке қамалған болатын. Естеріңізде болса, 2013 жылы 1 желтоқсанда ол өзінің BMW-Х6 маркалы көлігімен жол жиегінде тұрған 6 жүргіншіні қағып кетті. Олардың біреуі оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы болған жерде жүргізуші ізін суытты, алайда көп ұзамай ұсталған болатын.

Дереккөз: inform.kz

14 ақпан 2014, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.