АСТАНА, 14 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Теңгенің бағамы енді төмендемейді, деп сендірді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Теңгеге қатысты қобалжу болмауы керек, теңге бағамы төмендеуінің екінші толқыны да болмайды», - деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қобалжудың негізінен доллар сатып алатындарға қатысы барлығын да тілге тиек етті. «Долларды көбінесе негізінен анда-мында баратын, бірдеңе сырттан сатып алатын миллионерлер мен миллиардерлер алады. Жалпы, импорттаушылар бұдан жапа шегетіні айтылып та жүр, алайда бізде негізінен көліктер де, теледидарлар да, тоңазытқыштар да көпшілігімізде бар ғой. Ендеше бұл жағдайды да бастан қалыпты түрде өткізе аламыз. Сондықтан да, қазіргі басты мақсат алыпсатарлықты болдырмау, соны қадағалау», - деді Н. Назарбаев.
Дереккөз: newskaz.kz