Атырау, 29 қыркүйек 22:26
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Сочидегі Олимпиада: Денис Тен - қысқа бағдарламада тоғызыншы орында

2 059 просмотра

СОЧИ. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиадалық ойындарда мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарлама жарыстарына қатысты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Денис 26-ші болып шықты, төрешілер оған 84.06 балл қойды, ол тоғызыншы орынға ие болды. Абзалдың өнерін төрешілер 64.18 баллға бағалады (20-орын). Ол мұз айдынына алтыншы болып шықты.

Олардың екеуі де іріктеу сатысынан өтті және 14 ақпанда Астана уақытымен сағат 21.00-де өтетін еркін бағдарламаға қатысады.

Үздіктер көшбасшысы 19 жастағы жапондық Юдзуру Ханю болды. Юдзуруда әлемдік рекордқа жеткен ең жоғары нәтиже - 101.45 балл. Екінші орында - Канададан 23 жастағы Патрик Чан (97.52), үшінші орындағы испандық  Хавьер Фернандес 86.98 балл жинады.

Ерлер мен әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама бойынша жекелей сырғанауға жеті міндетті элемент  және еркін бағдарлама енген. Денис пен Абзал бүгін әлемнің 30 ең күшті спортшыларымен бірге қысқа бағдарламаға қатысты. Екі жарыстың нәтижелері қоса есептеліп, төрешілер жоғары балл қойған жеңімпаздар анықталады.

Еске сала кетейік, осы жарысқа танымал ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенко да қатысқан болатын. Алайда жарыс үстінде Евгений арқасы ауырғанын сезініп, бағдарламаны тоқтатты. Оның жаттықтырушысы Алексей Мишин спортшыны жарыстан алып тастау жөнінде шешім қабылдады. Кейіннен журналистермен сұхбатында Плющенко мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

20 жастағы Д.Тен жекелей жарысқа қатысты. Ол 2013 жылғы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 7-ші қысқы Азия ойындарының чемпионы, ISU қамқоршылығымен өткен әртүрлі халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстанның үш мәрте чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, «Астана» кәсіби Президенттік Клубының мүшесі.  

21 жастағы Абзал Рақымғалиев те ерлер арасындағы жекелей жарысқа қатысуда. 2007 жылғы Қазақстан чемпионы. Мәскеуде жаттығу өткізуде. 2011 жылғы маусымдағы жағдай бойынша Халықаралық конькишілер одағының рейтингісінде 30-шы орынға ие болды. Денис Теннің 2009 жылғы әлем чемпионатындағы сәтті өнер көрсетуінің нәтижесінде ол елге Ванкувердегі Олимпиадаға ерлер арасындағы жекелей жарыстан екі жолдаманы жеңіп алды, Абзал Сочидегі Ойындарға құрама командаға енді.

Дереккөз: inform.kz

14 ақпан 2014, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.