Атырау, 24 қараша 18:38
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мәскеуде «Протон-М» зымыран- тасығышын «Байқоңырдан» ұшыру мәселесі қаралып жатыр

1 853 просмотра
ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Е.Шаймағамбетов бастаған делегация жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды.

Атап айтқанда 12-13 ақпанда Мәскеуде «Протон-М» зымыран-тасығышын «Байқоңырдан» ұшыру саны бойынша және Қазақстанның қоршаған ортасына тигiзетiн экологиялық залалдарын анағұрлым азайтуға қатысты мәселелердi шешу тұрғысында Қазақстан-Ресей жұмыс тобының үшiншi отырысы өтіп жатыр.

«Бұл жұмыс тобының биылғы жылғы бірінші отырысы екенін атап өткен жөн. Сонымен бірге, іс-шара аясында жоғарыда аталған мәселелермен қатар 2014-2016 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану бойынша Жол картасының басқа да аспектілерін қарастыру жоспарланып отыр», - делінген Қазғарыштың баспасөз қызметінің мәліметінде.

Аталған Жол картасына Қазақстан және Ресей үкіметтері 2013 жылғы желтоқсан айында қол қойған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

13 ақпан 2014, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.