Атырау, 24 қараша 19:04
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Экс-әкімнің ісі. «АҚҚ» блогы

4 120 просмотра

12 ақпан күні Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында күннің екінші жартысында Нұрсая және Алмагүл ықшам аудандарындағы жалгерлік және несиелік баспананың құрылысы кезіндегі заңбұзушылықтарға қатысты «АтырауҚұрманҚұрылыс» блогына топтастырылған материалдар бойынша тыңдаулар басталды.

«КІМГЕ ТӨЛЕТЕМІЗ

Түске дейін «Пәтерлер» блогы бойынша жәбірленуші ретінде «АБ Групп» ЖШС құрылтайшыларының бірі Юсуф АЛИЕВ (Назми АЛИЕВТЫҢ ағасы) қатысты. Жауап алу кезінде ол бұл олардың інісі екеуінің отбасылық бизнесі болғанынан басқа ешқандай жаңалық айтқан жоқ. 

Негізінен куәгерлерден жауап алу қиын өтуде, кейбірі бәрін бүге-шегесіне дейін есте сақтамаған, бұл түсінікті.  Алайда, адвокаттар мен прокурорлар кейде анағұрлым анық және қарапайым сұрақтарға көпке дейін нақты жауап ала алмай қиналады. Шамамен бір куәгерден жауап алуға 1-1,5 сағат кетіп жатады. 

Айыпталушылар да процесте өздерін әр түрлі ұстайды. Жәбірленушілер - ағайынды Алиевтердің өкілі пәтерлер бойынша талап арыздың ішінде облыс әкімінің бұрынғы орынбасары, айыпталушы ДӘУКЕНОВТІҢ үстінен де берілетінін мәлім етті. Себебі, ол №1 пәтердің иесі екен. Ал өндіріп алу сомасына келсек, ол инфляция мен кешегі девальвацияны ескере отырып нақтыланады. Бірақ, дәл осы жерде №1 пәтердің қызметтік екені анықталды. Айыпталушылар орындығында отырған Дәукенов мұны былай деп түсіндіріп өтті: 

 – Мұнда менің фамилиям аталып жатыр... Жәбірленуші «АБ Групп»-тың өкілінің немесе құрылтайшылардың қылмыстық істің материалдарын білмейтініне, заңнаманы білмейтініне байланысты тағып отырған орынсыз талаптарына орай айтарым, пәтер қызметтік болып саналады. Сот талапты қабылдамауы тиіс…

Юсуф АЛИЕВ. Суретті түсірген Сәуле ТАСБОЛАТОВА.Юсуф АЛИЕВ. Суретті түсірген Сәуле ТАСБОЛАТОВА.Төрағалық етуші судья:

- Сот қабылдайтынын-қабылдамайтынын өзі шешеді. 

Дәукенов:

- Дәукенов мырзаның рөлі анық көрсетілген, сондықтан мен  бұл туралы айтылған сөзге жауап қайтару екенін айтқым келеді. 

ҚҰРЫЛЫС БЛОГЫ

«АтырауҚұрманҚұрылыс» блогы бойынша куәгер ретінде 2008-2012 жылдары аралығында қалалық құрылыс бөлімі бастығының орынбасары лауазымын атқарған Тимур НҰРБАЕВ шақырылды. Ол кезде қалалық құрылыс бөлімінің бастығы 2013 жылдың 3 желтоқсанында мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген  Серік СӘДУАҚАСОВ болып тұрған. Алайда сол жылдың 27 қаңтарында Атырау облыстық сотының аппеляциялық алқасының шешімімен үкім ішінара өзгертіліп, жазаның жалпы өтеу мерзімі төмендетіліп, 3 жыл белгіленді. Сәдуақасов шенеунік болып тұрған кезінде «АтырауҚұрманҚұрылыс» ЖШС-інде 50 пайыздық үлесі бар болатын.

2009 жылы «АтырауҚұрманҚұрылыс»-тың қатысуымен Нұрсая ықшам ауданында несиелік және жалгерлік үйлер (барлығы 8 үй) салынған. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінген: жалгерлік баспанаға 529 млн теңге, несиелік баспанаға - 228 млн теңге. Тапсырысшы – қалалық ТКШ бөлімі (ол кездегі бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВ болатын).

Сотта куәгер құрылыстың бекітілмеген жобалық-сметалық құжаттамасыз (ЖСҚ) басталғанын хабарлады. Қалалық құрылыс бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарған Нұрбаев бұл туралы өзінің басшылығына айтқанда, оған бұл оны алаңдатпауға тиіс екенін, себебі бұл облыстық әкімдіктің тапсырмасы деп жауап берген.

ЖСҚ-ға бөлек тендер жүргізілген. Оны алматылық «ТранcСтройПроект»ЖШС компаниясы жеңіп алған. Жобалауды 2009 жылдың жазында құрылыс жүріп жатқанда аяқтаған. Үй қызыл түсті керамика кірпішінен тұрғызылуы тиіс болатын, ал іс жүзінде қайыршақ тас пайдаланылды. Және қымбат материалдың арзанына ауыстырылғаны сметада байқалған. Материалдар бағасының айырмашылығы 11 млн теңгені құраған.

«АтырауҚұрманҚұрылыс» компаниясының мемлекеттік бағдарлама арқылы тұрғызылған баспананың бір шаршы метрінің бағасы 56 515 теңге сомасында бекітілген. Бұл уақытта құрылыс материалдарының құны белгіленген бағаға сәйкес келмегендіктен мердігерге цоколды қабаттар мен мансардтарды өз қалауларымен пайдалануға рұқсат берілген.  Тағы да әкімдіктің тапсырмасымен. 

ЦОКОЛДЫ ҚАБАТТАҒЫ БАЛАБАҚШАЛАР

2011 жылдың қазаны мен 2012 жылдың шілдесі аралығында қалалық білім бөлімінің бастығы лауазымын атқарған ФарузаШАНГЕРЕЕВАНЫҢ айтуынша, цоколды қабаттар облыс әкімінің күйеу баласына тиесілі болған. Мұны оған қалалық ТКШ бөліміндегілер айтқан:

- Мен қалалық білім бөліміне жұмыс істеуге келгенде, құжаттармен танысу кезінде онда  цоколды қабаттарды балабақшалар салуға («Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру үшін)сатып алу үшін ірі сома «салынғанын»көрдім. Сонда мен есепші және экономистпен бірге АЙТБАЕВТЫҢ қабылдауына жазылдым.  Оған цоколды қабаттарды балабақшалар салуға пайдаланудың қолайсыз екенін түсіндіруге тырыстым. Олар ангарларға арналған үй-жай секілді. Бірақ, ол ТКШ конкурс өткізіп,  кейін қалалық білім бөліміне жолдайтынын, және біз құрылыс бөліміне қайта салуға тапсырыс беретінімізді айтты. Мен өз дегенімде тұрдым, сонда Айтбаев есепші мен экономистің шығып кетуін өтініп, маған бұл облыстық әкімдіктің нұсқауы екенін және цоколды қабаттардың облыс әкімінің күйеу баласына тиесілі екенін құлаққағыс етті. 

Осы әңгімеден кейін Шангереева өзінің орынбасары Қайрат ХАБИЕВТАН қалалық әкімдікке барып,  ойын тағы да өзгертуге тырысып көруді өтінді. Бірақ, оған да сенімді түрде цоколды қабаттарды аласыңдар деп айтқан.   

- Кейін мені қаланың бұрынғы әкімі  Асқар КЕРІМОВ шақырып алып, «Орынды босат» деді, - деп хабарлады куәгер Шангереева. – Мамыр айында қалалық мәслихатта цоколды қабаттарды сатып алуға ірі сома бекітілгеннен кейін мен өзім де жұмыстан шығып кетуді ойлап жүргенмін. Мен кеткенім жақсы екенін түсіндім.

Цоколды қабаттарды сатып алуға бюджеттен барлығы 353 млн теңге бөлінген.

Куәгер ретінде сұралған қалалық білім бөлімінің орынбасары Қайрат Хабиевтің айтуынша, бұл ақшаға екі балабақша салуға болар еді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

13 ақпан 2014, 14:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.