Атырау, 12 мамыр 22:53
 бұлттыВ Атырау +21
$ 516.01
€ 582.47
₽ 6.26

Әскери сот Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбасарын ұстауға санция берді

1 949 просмотра

Ақмола гарнизонының әскери соты Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Мәйкеевті аса ірі көлемде пара алу күдігімен ұстауға санция берді деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға әскери соттың баспасөз қызметінен.

«Мәйкеевті ұстауға 20 ақпанға дейін санкция берілді», - деп ақпараттандырды баспасөз қызметінің қызметкері.

Агенттікке хабарлаушының айтуынша, Мәйкеев Қазақстан қылмыстық кодексінің 311 бабы 5  тармағымен  (аса ірі көлемде пара алу) айыпталуда. Осы бап бойынша жазалау мүлкін тәркілеумен 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Бұрын хабарланғандай, генерал Мәйкеев Астанада 9 ақпанда пара алу үстінде ұсталды. Ресми емес деректер бойынша, ол  1,2 миллион доллар алды деп күдіктелуде.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 

12 ақпан 2014, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.