Мемлекеттік айыптау Қазақстан Республикасы статистика агенттігің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаеваға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрайды, деп хабарлады агенттіктің тілшісі сот залынан.
"Соттың (Мешімбаеваны) 176-баптың 3-бөлігі "б,в" тармақтары бойынша кінәлі деп танып, сегіз жылға бас бостандығынан айыруға және 5 жылға белгілі қызметтерді атқару құқығынан айырып, мүлкін тәркілеу жазасын тағайындауды сұраймын. ҚР ҚК-нің 307-бабы 3 бөлігі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыруға және 5 жылға белгілі қызметтерді атқару құқығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. Қылмыстардың жиынтығы мен неғұрлым ауырырақ жазаға, жеңілірек жазаны сіңіру арқылы түпкілікті 8 жылға бас бостандығынан айыру және 5 жылға белгілі қызметтерді атқару құқығынан айырып, мүлкін тәркілеу жазасын тағайындауды сұраймын", - деді прокуратураның басқарма прокуроры Дәурен Әшімов.
Жеңілдететін мән-жай ретінде прокурор сотталушының оң мінездемесін, бұрын соңды сотты болмағандығын және асырауында қызы бар екендігін атады.