Атырау, 24 қараша 18:28
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Марат Тәжин Ресейдегі ҚР Елшісі болып тағайындалды

1 976 просмотра

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

 Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Соңғы лауазымы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы
Туған күні: 08.04.1960
Ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі:
• Философиялық ғылымдар кандидаты, диссертация тақырыбы: «Аумақтық аспектіде әлеуметтік өзгешелікті еңсеру (Қазақстан материалдары)» (1985);
• Социологиялық ғылымдар докторы, диссертация тақырыбы: «Әлеуметтік-аумақтық өзгешеліктерді зерттеудің әдіснамалық аспектілері» (1990);
• Профессор (1993);
• Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1995);
• Ресей Әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1997);
• Қазақстан Республикасы Саяси ғылым академиясының академигі және президенті (1997)

Еңбек өтілі:
• Қазақ СКО Ғылым академиясының Өндірістік күштерді зерделеу жөніндегі кеңестің инженер-экономисі (1981-1983);
• С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты, оқытушысы (1983-1987);
• С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, социология кафедрасының доценті (1988-1991);
• Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі (1991-1992);
• Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты және Министрлер кабинетінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары (11.1992-01.1993);
• Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты және Министрлер кабинетінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (01.1993-06.1993);
• Президент Аппараты және Министрлер кабинеті басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты - Ақпараттық-талдау орталығының басшысы (06.1993-10.1994) (Орталық М. Тажиннің бастамасымен құрылды және мемлекет басшысының негізгі талдау құрылымының функциясын орындады);
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Ақпараттық-талдау орталығының басшысы (10.1994-10.1995);
• Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары - Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы (АТО жаңа атауы) (10.1995-24.02.1999);
• Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (24.02.1999-04.05.2001);
• Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (04.05.2001-11.12.2001);
• Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (11.12.2001-08.2002);
• Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары (08.2002-03.2004);
• Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары - Ішкі саясат басқармасының бастығы (03.2004-03.2005);
• Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары (03.2005-13.04.2006);
• Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (13.04.2006-11.01.2007);
• Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі (11.01.2007-04.09.2009);
• Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (05.09.2009-01.2013);
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы (16.01.2013-01.2014)


Мемлекеттік және халықаралық наградалары, премиялары, құрметті атағы:
• Ордендер: 1-ші дәрежелі «Барыс» (12.2007), «Құрмет» (2002).

Дереккөз: ҚазАқпарат

12 ақпан 2014, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.