Атырау, 24 қараша 19:04
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

В.Каркуланың өліміне қатысты қылмыскер ұсталды - БҚО

3 620 просмотра

11 ақпан күні БҚО Ішкі істер департаментінің арнайы тобы мен Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің «Арлан» арнайы бөлімшесі бұдан бұрын іздеу салынған аса қауіпті қылмыскер А.Тоғаевты Алматы қаласында қолға түсірді.

БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметтерге қарағанда, батысқазақстандық полицейлер күдіктіні ұстауда көмек көрсеткені үшін бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтарға алғыс білдірген. Уәде етілген ірі көлемдегі ақшалай сыйақы құпия түрде төленетін болады.

Еске сала кетейік, 13 қаңтарға қараған түні белгілі кәсіпкер Виталий Каркула өз үйінде өлтірілген болатын. Оның  зайыбы Валентина Каркула ауыр жарақат алған еді. Осы қарақшылық шабуылға және кісі өлтіруге қатысы бар екі күдікті ұсталған. Ал, аталған қылмысты ұйымдастырушы Азамат Тоғаевқа 10 ақпан күні іздеу жарияланған болатын. 1980 жылы туылған бұл азамат бұдан бұрын да үш рет сотталған, соның ішінде қарақшылық шабуыл жасап, мойнына адам қанын жүктегені үшін айыпталған екен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

12 ақпан 2014, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.