Атырау, 24 қараша 19:03
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әбіләзов Франциядан саяси баспана сұрамайды -қорғаушы

1 616 просмотра

Қазақстанның бұрынғы энергетика, индустрия және сауда министрі, БТА банктің экс-директоры Мұхтар Әбіләзов Экс-ан-Прованс қаласының соты оны Ресейге экстрадициялау жөніндегі шешіміне қарсы шағым жасады, Франциядан саяси баспана сұрамайды деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Француз соты Әбілязовті Ресейге экстрадициялау туралы шешім жасады, алайда біз бұл үкімнің жойылуына қатысты барлық шаралар жасаймыз. Әбіләзовтің Ресейге де, Украинаға да экстрадициялануын болдырмауға тырысамыз», - деді Әбіләзовтің заңгері Марк Фейгин.

Оның айтуынша, қашқын банкир Франциядан саяси баспана сұрамайды, Ұлыбритания оған бұрын саяси баспана берген болатын.

Бұның алдында Мұхтар Әбіләзовтің қорғаушылары Украинаға қарсы арыз түсірді. Бұл шағымда Әбіләзовті Украинаға экстрадициялау мәселесін қарауды доғару талап етілген. Адвокаттардың айтуынша, істе көптеген құқықтық қателіктер орын алуда. Әбіләзовтің қорғаушыларының бірі Жерар Чолякиннің сөзіне қарағанда, украиналық билік француз сотын алдамақшы болған.

Мұхтар Әбіләзов Ресейде, Украинада және Қазақстанда бірнеше қылмыстық істер бойынша айыпталуда. Олардың барлығында да Әбіләзов банктегі 5 млрд. доллар ақшаны шетелге шығарды деген дәлел келтіруде. Мәскеуде оның сыбайластары - Әбіләзовке тиесілі «Еуразия логистик» компаниясының өкілдеріне қатысты сот өтіп, олардың барлығы 8-9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ресейдің экстрадициялау туралы шағымының негізінде Әбіләзов 13 шілдеде Францияның Канн қаласының маңында арнайы жасақтың көмегімен қолға түсті.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

11 ақпан 2014, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.