
«Холдинг Алматы жылу» мекемесінің хабарлауынша, диаметрі 800 миллиметр болатын құбыр жарылып, одан аққан ыстық судан үш адам күйіп қалған. Алдын-ала болжам бойынша, апатқа құбырдың тозуы себеп болған.
Апат салдарынан көп пәтерлі 63 үй, үш аурухана, 2 мектеп және 2 балабақша жылусыз қалған.
Қазір жылу жүйесіне қатысты мекемелер апат салдарын жоюмен айналысып жатыр.
Дереккөз: Азаттық радиосы
10 ақпан 2014, 17:31