Атырау, 24 қараша 18:26
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

2015 жылы елімізде азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі - Еңбек министрі

2 227 просмотра
2015 жылы азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Министрдің айтуынша, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап аталған санаттағылар үшін жаңа үлгі енгізіледі. Осыған сәйкес, еңбекақы төлемі білім деңгейіне, біліктілігіне, сондай-ақ орындалатын жұмыстардың қиындығы мен жауапкершік  дәрежесіне байланысты болмақ.

«Азаматтық қызметшілердің лауазымдарын 4 санатқа бөлу ұсынылады: басқарушылық, негізгі, әкімшілік-шаруашылық және техникалық қызметкерлер»,- деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, Т. Дүйсенова қызметкерлердің белгілі бір санаттары бойынша қызметтік айлықты есептеу үшін коэффиценттер себетін дифференциялау, қосымша төлем мен үстеме төлемдер жүйесін реттеу қарастырылып отырғандығын жеткізді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

10 ақпан 2014, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.