Атырау, 24 қараша 18:27
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан «Қазақ еліне» өзгертілуі мүмкін – Назарбаев

1 738 просмотра

Қазақстан уақыт келе «Қазақ еліне» өзгертілуі мүмкін, деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Біздің еліміздің атауында Орталық Азияның басқа да елдеріндегі сияқты "стан" деген жалғау бар. Сонымен бір мезгілде, шетелдіктер халқының саны небәрі екі миллионды құрайтын Моңғолияға қызығушылық танытады, бірақ оның атауында "стан" жалғауы жоқ. Сірә, еліміздің атауын уақыт өте келе "Қазақ елі" деп өзгерту мәселесін қарастыру керек шығар, бірақ алдымен міндетті түрде халықтың талқысына салған жөн», - деді Президент.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы еліміз бірлік пен толеранттылықты сақтай отырып, барлық мақсаттарға жететінін атап айтты.

«Біздің артықшылығымыз - көп этносты халқымыздың әралуандығында», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

7 ақпан 2014, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.