Атырау, 24 қараша 18:31
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұлттық ғарыш агенттігі «KazSat-3» жерсерігін уақтылы ұшыруы тиіс

1 718 просмотра

Бүгін ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің  кеңейтілген алқа мәжілісінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «KazSat-3» жерсерігін уақтылы ұшыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Осы орайда ол бұл бағытта ресейлік тараппен бекітілген келісімдерді орындау маңызды екенін қадап айтты. Белгілі болғандай, «KazSat-3» ғарыш аппаратын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2014 жылы 30 сәуірге дейін ұшыру жоспарлануда.

Атап айтқанда, осы келісім аясында барлық шараларды өз уақытында орындауға айрықша мән берілуі қажет деп тоқталған Б. Сағынтаев, соңғы сәттерде ұшыру мерзімі кейінге шегерілуіне жол берілмеуі тиіс екенін қадап айтты. «Kazsat-3» аталған уақытта ұшырылуын қамтамасыз ету агенттік алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі»,-деп түйді вице-премьер.

Дереккөз: ҚазАқпарат

6 ақпан 2014, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.