ҚР Көлік және коммуникация министрлігі бекіткен қазақстандық байланыс операторларының «KazSat-2» жерсерігіне өту жоспарын операторлардың көбі орындамай отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында агенттік төрағасы Талғат Мұсабаев айтты.
Оның айтуынша, қазіргі таңда «KazSat-2» қалыпты жұмыс істеп тұр, оның жүктемесі жалпы көлемінің 63 пайызын қамтиды.
«Осындай бос орынның болуына қарамастан, қазақстандық байланыс операторлары шетелдік жерсеріктердің қызметін пайдалануды азайтар емес. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі бекіткен қазақстандық байланыс операторларының «KazSat-2» жерсерігіне өту жоспарын олар орындамай келеді», - деп атап өтті Қазғарыш төрағасы.
Дереккөз: ҚазАқпарат
6 ақпан 2014, 15:13