Фото: © ИА "Новости - Казахстан"//Талгат ГАЛИМОВАСТАНА, 4 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау алқасы, 15 адамды өлтірді деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған Владислав Челахқа қатысты шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі сот залынан.
«Челахқа қатысты шығарылған аудандық соттың үкімі, апелляциялық алқаның қаулысы, қадағалау алқасының қаулысы өзгеріссіз, шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Бұл іспен Жоғарғы соттың барлық судьялары жіті танысып, жазбаша түрде көрсетілген барлық дәлелдер талданды, оларға дұрыс құқықтық баға берілді», - деді қадағалау алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов.
Мамырдың аяғында шекара жасағы «Арқанкерген» шекара заставасының өртенген ғимаратын анықтады. Онда 15 адамның денесі, соның ішінде 14 шекарашы мен аңшының денесі табылды. Соңғы шекарашы қарағандылық Владислав Челах тауда жүрген жерінен қолға түсті. Тергеу деректері бойынша, Челах қызметтестерін және қорықшыны өлтіріп, кейін шекара бекетін өртеп жіберген. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, оқиға себебі «ішкі дау-жанжал және оның санасының түсініксіз жағдайы» болған. Күдіктінің анасы сәрсенбіде БАҚ-қа ұлының қайғылы оқиғаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Дереккөз: newskaz.kz