Атырау, 24 қараша 18:40
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда газдың бағасы 1 мамырға дейін сақталады

2 945 просмотра
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 мамырға дейін газ бағасы қолданыстағы деңгейде сақталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, мұнай-газ және энергетика саласын дамыту бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында газ бағасын 2014 жылғы 1 мамырға дейін қолданыстағы деңгейде сақтау туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда 2013 жылдың деңгейінде аталған мерзімге дейін газ бөлу ұйымдарымен ішкі нарыққа тауарлық газды жеткізу кестесі де сақталады.
Ұ. Қарабалиннің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме сатудың шекті бағаларын айқындау ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр.
«Біз бүгін бекітіп отырған газ бағасын қалыптастыру қағидаттары газ бағасының кенеттен көтерілуіне ықпал етпеуі тиіс, әсіресе, жылу беру маусымының орта кезінде. Бұл нөмір бірінші мәселе. 1 мамырдан бастап өңірлерде көтерме бағаны қалыптастыру туралы шешімді қабылдасақ та, дегенмен бұл мәселелерді жіті бақылауда ұстап отыру керек», - деді Үкімет басшысы Серік Ахметов.
Осы орайда Премьер-Министр өзінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа осы мәселені қадағалауға алуды тапсырды.

Дереккөз: inform.kz

4 ақпан 2014, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.