ҚР ҚІЖК-нің 459-бының 2-бөлімінің талаптарына сәйкес, өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотты болған адамдардың өтініші Қазақстан Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының отырысында қадағалау тәртібінде қарауға жатады.
Мамырдың аяғында шекара жасағы «Арқанкерген» шекара заставасының өртенген ғимаратын анықтады. Онда 15 адамның денесі, соның ішінде 14 шекарашы мен аңшының денесі табылды. Соңғы шекарашы қарағандылық Владислав Челах тауда жүрген жерінен қолға түсті. Тергеу деректері бойынша, Челах қызметтестерін және қорықшыны өлтіріп, кейін шекара бекетін өртеп жіберген. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, оқиға себебі «ішкі дау-жанжал және оның санасының түсініксіз жағдайы» болған. Күдіктінің анасы сәрсенбіде БАҚ-қа ұлының қайғылы оқиғаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Дереккөз: newskaz.kz