Атырау, 24 қараша 18:25
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Дубайда қазақстандықтардың не үшін ұсталғаны анықталды

1 692 просмотра

Дубайда ұсталған оралдық азаматтардың айтуынша, Араб елінің арнайы қызметі оларды Сириядағы қазақстандықтармен байланысы бар деп күдіктенген.

Бұл жөнінде сол елде қамауға алынып, өзге қазақстандықтармен бірге жуырда елге оралған Асылбек Шұқыранов айтты. Оның сөзінше, араб арнайы қызметі олардың іс-әрекетінен заңға қайшы әрекет таппаған, сондықтан Қазақстанға кері қайтарған.

"Олар бізді Сириядағы қазақтармен байланысы бар деп кінәлады. Қиын кезде бізге қол ұшын созған Қазақстан билігіне алғыс айтамыз. Шынын айтсақ, арабтардың мұсылмандарға мұндай көзқараста болатынын күтпеп едік. Қазір аман-есен елге оралдық, бірақ отбасымыз сонда қалды. Оларды қайтарып алуға ел билігінің көмектесетінінен үміттіміз", - дейді Орал қаласының тұрғыны Асылбек Шұқыранов.

"Жолдасым қалды менің, ол кісімен хабарласып тұрамыз. Елшілікке документтерін тапсырды. Енді қағаз күтіп отырмыз, мәселелер шешіледі деді. Иншалла, шешіледі деп отырмыз. Мына жақтан хабарласып, көмектеседі деп жатыр", - дейді Орал қаласының тұрғыны Мирғалым Сейітқалиев.

Біріккен Араб Әмірлігінің полициясы 2013 жылдың 30 қазанында 12 қазақстандықты қамауға алған болатын. Олардың алтауы - Батыс Қазақстан облысынан. Ұсталғандардың бірі - Асылбек Шұқыранов бірнеше жыл бойы Әмірлікте автокөлік саудасымен айналысып келген.

Дауға айналған оқиғаға дейін оның фирмасы тексеріліп, нәтижесінде жергілікті заңдарға қайшы әрекеті анықталмаған. Дубайлық тұтқындар қамаудан аман-есен босағанына қуанышты. Ал жат жерде отбасы қалып қойған кейбір отандасымыз оларды қайтарып алу қамына кіріскен.

Дереккөз: Астана арнасы

4 ақпан 2014, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.