АСТАНА, 3 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Дистанциондық оқытудың дамуымен уақыт келе қазақстандық жоғары оқу орындарында сырттай оқыту түрлерінде қажеттілік болмауы мүмкін, деп санайды республика білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.
«Бізде жұмыс істейтін жастарды жоғары білім алуға көбірек тарту туралы тапсырма бар. Бүгінде оны (сырттай оқуды) толық жабуға болмайды, алайда жаңа технологияларды, оның ішінде дистанциондық оқытуды пайдалану білім беру сапасын арттыруға мүмкндік береді. Сондықтан бұл күрделі мәселе. Егер де динстанциндық оқыту жүйесі жақсы дамып жатса, бірнеше уақыттан кейін қажеттіліктің өзі болмауы мүмкін», - деді Балықбаев дүйсенбідегі брифингте.
Дереккөз: newskaz.kz