Фото: © Мирас НҰРМҰХАНБЕТОВҚАСКЕЛЕҢ, 29 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның Алматы облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты және оның екі көмекшісін өлтіруге итермелеуге айыпты парламент сенаты (жоғарғы палата) аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаевты қатаң режимегі колонияда 13 жылға жазасын өтеуге үкім шығарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі соттан.
"Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы айыпты деп танылсын (...) және мүлкі тәркіленіп, оған қатаң режимегі колонияда 13 жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалсын", - деді үкімді оқыған төрағалық етуші Асқарбек Бейімбетов.
Үкім шығару кезінде сот Өтембаевтың бұрын сотты болмағанын, жұмыс және тұрғылықты мекен-жайы бойынша жағымды пікір қалыптастырғанын, сондай-ақ бірқатар аурулардан зардап шегетінін ескерді.
Дереккөз: newskaz.kz