АСТАНА, 3 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда сырттай оқыту жалғастырылады деп хабарлады дүйсенбіде Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда сырттай білім беру жүйесі жабылады деген мәліметті хабарлаған бірқатар БАҚ ақпараттары шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.
"Бұл шындыққа жанаспайды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
30 қаңдарда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен жиында министрліктің Қазақстандағы сырттай білім беру жүйесін бақылауды күшейту, қашықтықтан білім берудің сапасын арттыру және дамыту жоспары айтылған болатын.
Дереккөз: newskaz.kz