Атырау, 24 қараша 18:59
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Прокуратура Үсеновті 45 тәулікке қамауды талап етуде

1 350 просмотра
Алматы қаласының Прокуратурасы BMW X6 көлігімен алты адамды қағып кеткен Мақсат Үсеновті 45 тәулікке қамауды талап етуде. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласының прокуратурасы Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 250 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл және көлік құралын басқару құқығынан айырмау туралы қаулысына апелляциялық наразылық келтіріп отыр.

«Көрсетілген сот қаулысына прокуратурамен апелляциялық наразылық келтіріліп, М.К.Үсеновті 45 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 2 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру талап етілді. Себебі сотпен ҚР ӘҚБтК 468-1-бабы бойынша тағайындалған жеңіл жауапкершілігі жасалынған құқық бұзушылықтың ауырлығына, сонымен бірге құқық бұзушының жол-көлік оқиғасын жасауға дейінгі және одан кейінгі әрекетіне сай келмейді», - делінеді хабарламада.

Айта кетейiк, 1 желтоқсан күнi Алматыда көлiк құралын жүргiзу құқығынан айырылған Мақсат Үсенов көшеде алты адамды қағып кеткен болатын. Оқиға орнында бiр адам көз жұмды. Дегенмен, қылмыстық iс 22 қаңтар күнi тараптардың мәмiлеге келуiне орай тоқтатылды. М.Үсенов болса, қамаудан босатылған болатын. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

31 қаңтар 2014, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.