Атырау, 24 қараша 18:49
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

С. Ахметов қаржыны игеруге қауқарсыз қала әкімдерін қызметтен босатуды тапсырды

1 551 просмотра

Бүгін ҚР Өңірлік даму министрлігінің алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Серік Ахметов қаржыны игеруге қауқарсыз әкімдерді қатаң сынға алды.

«Әкімдерді бағалау критерийлерінің бірі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға қатысты болатынын айтқым келеді. Бізде кейбір әкімдер бөлінген қаржыны игеруге қауқарсыз. Бұл тұрғыда «қаржыны игермесе, қаражатты қайтарып, игеруге қауқарлы өңірлерге қайта бөлу» ұстанымы жарамайды. Қаржыны игермесе, аудан мен қала әкімдерін қызметінен босатыңыздар. Облыс әкімдеріне осындай тапсырма жүктеледі. Бұндай мәселелерді шешпесе, әкім не істеп отыр?!», - деп қадап айтты С. Ахметов.
Осы орайда Үкімет басшысы «Қолжетімді баспана» мен ТКШ бағдарламаларының қаржысын мақсатты әрі уақытылы игеру әкімдер үшін міндет екенін атап өтті.
«Бұл мәселені ҚР Өңірлік даму министрлігі қатаң бақылауда ұстауы тиіс», - деп түйді Премьер-Министр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

30 қаңтар 2014, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.