Атырау, 24 қараша 19:08
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Медициналық холдинг Жанна Фриске арқылы бедел жинауды мақсат тұтқан жоқ – Әлібек Кеннет

1 921 просмотра
«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ белгілі ресейлік әнші Жанна Фриске орталықта ем алуға жүгінгенін хабарлау арқылы бедел жинауды көздеген жоқ. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында холдингтің басқарма төрағасы Әлібек Кеннет мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«Бiз қаржылай емес, қолымыздағы технологияларды ескере отырып, өз көмегiмiздi ұсындық. Бұл ретте пиарды көздеген жоқпыз. Бiзге қоңырау бiр емес, бiрнеше рет шалынған болатын», - дедi Әлібек Кеннет.

Ұлттық медицина холдингiнiң басқарма төрағасы Жанна Фрискеге өз тараптарынан бiрнеше рет ем жүргізу көмегі ұсынылғанын атап өттi.

«Бiзден медиа орталық емдеу шаралары туралы сұрастырған болатын. Олар Жанна Фрискенiң әкесiне хабарласып, өз көмегiмiздi ұсынып отырғанымызды хабарлады. Содан кейін ол (Жанна Фрискенiң әкесi – агенттік) бiзге қоңырау шалып, бұл жөнiнде сұрастырды. Ұсыныс ең алдымен бiздiң тарапымыздан болды. Ол бiзден қандай көмек көрсете алатынымызды сұрады. Мен аурудың түрiн нақты білетін болсақ, өз тарапымыздан мүмкiндiгiнше көмек көрсетуге даяр екендiгiмiздi жеткiздiм», - деп түсiндiрiп өттi.

«Бұл қалай дегенде де пиар болған жоқ. Бiз емдеп жатқан ондаған науқастарымызды айтып, пиар жүргiзiп жатқан жоқпыз ғой. Жанна Фрискенiң белгілі тұлға болғанына қарамастан, бiз үшiн ол ем алатын науқастардың бiрi болушы едi», - деп тоқталды Әлiбек Кеннет.

Айта кетейік, кеше Астанадағы брифингте Әлiбек Кеннет Фрискенің әкесі отандық дәрігерлерге жүгінгенін жария еткен болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Владимир Борисович бұл ақпаратты іле-шала теріске шығарды.

Дереккөз: bnews.kz

 

30 қаңтар 2014, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.