Атырау, 24 қараша 19:07
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматының маңында бір жыл бұрын апатқа ұшыраған CRJ-200 ұшағында әуе апаты кезінде ақау болмаған –ККМ

2 014 просмотра

Алматының маңында бір жыл бұрын  апатқа ұшыраған CRJ-200 ұшағында  әуе апаты кезінде ақау болмаған деп хабарлайды Қазақстанның көлк және коммуникация министрлігі баспасөз қызметі комиссия тексерісіне сілтеме жасап.

«Осы материалдардың негізінде Комиссия әуе кемесінің жер бетімен түйіскенге дейін оның двигателі мен барлық агрегаттарының толықтай жұмыс жасау қабілеттілігі болғандығы анықталды, әуе кемесінің бортында Көкшетау – Алматы маршруты бойынша ұшу тапсырмасын орындауға және қосалқы аэродромға кетуге авиациялық жанар-жағармайдың жеткілікті көлемі болғандығы, сонымен бірге кеменің сырты мұздану және басқа да сыртқы әсер етуі фактісі болмауы расталды»,-делінген хабарламада.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта әуе кемесінің екінші айналымға ұмтылуға әрекет жасау кезінде төмендеу себебін анықтау жұмыстары жалғастырылуда.

«Бұл авиациялық оқиғаны тексеру күрделілігі деңгейінің жоғары болуы экипаждың екінші айналымға кетуге қажетті барлық әрекетті орындауды аяқтамағандығының мән-жайын айқындау қажеттілігімен түсіндіріледі»,-деп атап көрсетілген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, осы мән-жайларды ескере отырып, кең көлемде қосымша тексерулер жүргізілді, оның ішінде кешенді сот-медициналық сараптама жасалды. Соның нәтижесі бойынша әрбір экипаж мүщелерінің әуе кемесі кабинасындағы жұмыс орындарында болуы, сонымен бірге олардың ұшудың аяқталар кезеңіндегі жұмыс қабілетін анықтау қажет болды.

Мемлекетаралық авиациялық комитет (МАК) төрағасы орынбасары Алексей Морозовтың хабарлауына қарағанда,  «Ол үшін генетикалық талдау, дауыстарды сәйкестендіру, экипаждың өзара іс-қимыл жасауын орындаудың технологиясын бағалау, психологиялық жағдайларды тексеру, балама авиациялық оқиғалар мен тосын жағдайларды және т.б. мәселелерге талдау жасау қаажет болды. Біздер үшін әрбір деталь маңызды. Біз қандай да бір қорытынды жасау үшін ең алдымен жеткілікті дәлелді негіз жинақталуы керек. Қазірігі уақытта Комиссия ҚР, РФ және МАК лабораторияларынан алынған дыбыстық ақпаратты бағалау нәтижелерін талдау үстінде. Өйткені қорытынды шығару үшін бірыңғай құжат болуы қажет».

Отырыс барысында Комиссияның төрағасы Азат Бектұров қолда бар материалдар мен ақпаратты ескере отырып тексерудің қорытушы кезеңінің жоспарына түзетулер енгізуді, қалған барлық талдау экспертизаларын аяқтауды, сонымен бірге МАК, Канада және АҚШ-тың авиациялық оқиғаларды тексеру жөніндегі бюросы сарапшыларының қатысуымен кезіккен мәселелер мен қорытындыларды талқылау, сонымен қоса Түбегейлі есеп жобасын тез арада әзірлеу үшін төртжақты кездесуді өткізу жөнінде тапсырма берді.

ИКАО-ның Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенциясының 13-ші Қосымшасына сәйкес Түбегейлі есеп жобасы әуе кемесін жасаушы-мемлекеттің (Канада) және двигательді әзірлеуші-мемлекеттің (АҚШ) қарауына жолданды.

Аталмыш авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі Комиссияның кеңейтілген отырысы Мәскеуде Мемлекетаралық авиациялық комитете 2014 жылғы 27 қаңтарда өткізілді.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА

29 қаңтар 2014, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.