Атырау, 24 қараша 18:00
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанның кедендік бақылау комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Кочубейге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

2 693 просмотра

Астананың Алматы ауданының №2 соты Қазақстанның қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Александр Кочубейді қылмыстық жауапкершіліктен босатты деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға қорғаушы Владимир Царенко.

Естеріңізге сала кетейік, Қаржы полициясы агенттігі 2012 жылдың 12-ші маусымында 2009-2011 жылдарға арналған "Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы қарсы күрес" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысындағы "Тажен"кедендік бекетіне құрал-жабдық сатып алу барысында лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеу барысында аталған қылмысты жасауға Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Александр Кочубейдің қатыстылығы анықталған. Соның салдарынан мемлекетке 580 миллион теңге залал келтірілген.

Кочубейге қатысты сот процесі 2013 жылғы маусымда басталды, тамызда сот айыпталушының қорғаушысының қолдаухатымен істі қосымша тексеруге жолдаған болатын.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

28 қаңтар 2014, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.