Атырау, 24 қараша 17:54
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

6 адамды көлігімен қағып кеткен Үсеновке қатысты қылмыстық iс тоқтатылды

2 156 просмотра

Құқық қорғау органдары Мақсат Үсеновке қатысты қылмыстық iстi тоқтатуды шештi, деп хабарлады ОКҚ брифингінде ҚР Жоғарғы Сот алқаларының төрағасы Ақылтай Қасымов.

"Алматыда BMW X6 көлiгiмен алты адамды қағып, 1 адамды мерт қылған Мақсат Үсеновтiң iсiне қатысты құқық қорғау және сот органдарының барлық қадамдары елiмiздiң Қылмыстық-процессуалдық және Қылмыстық кодекстерiнiң аясында жүргiзiлдi. Қолданыстағы Қылмыстық-процессуалдық кодекс бойынша орташа ауыр қылмыс жасалған тұста, егер кiнәлi адам өз кiнәсiн мойындап, екi тарап келiсiмге келсе, заң құқық қорғау органдарын қылмыстық iстi тоқтатуды мiндеттейдi. Құқық қорғау органдары Үсеновке қатысты қылмыстық iс қозғады және істі жапқан да сол органдар. БАҚ құралдарының сот органдарына қатысты жолдаған сұрақтары бiзге емес, сол құқық қорғау органдарына жолдануы тиiс. Жол-көлiк апатында қайтыс болған жiгiттiң әкесi Үсеновке қатысты ешқандай кiнә артпайтындығын және оны кешiретiндiгiн арыз түрiнде жазғаннан кейiн, құқық қорғау органдары қылмыстық iстi тоқтатуды шештi. Осыдан кейiн Үсеновтi тергеу изоляторынан шығару туралы материалдар аудандық сотқа түстi. Әрине сот оны тергеу изоляторынан шығару туралы шешiмдi шығарудан басқа амалы қалған жоқ. Себебi қылмыстық iстiң өзi тоқтатылған болатын. Бәрiңiз бiлесiздер аталмыш шешiмді Алматы облысы Алмалы аудандық соты шығарды. Құқық қорғау және сот органдарының барлық қадамдары елiмiздiң Қылмыстық-процессуалдық және қылмыстық кодекстерiнiң аясында жүргiзiлдi", - дедi ол.

Айта кетейiк, 1 желтоқсан күнi Алматыда көлiк құралын жүргiзу құқығынан айырылған Мақсат Үсенов көшеде алты адамды қағып кеткен болатын. Оқиға орнында бiр адам көз жұмды. Дегенмен қылмыстық iс 22 қаңтар күнi тараптардың мәмiлеге келуiне орай тоқтатылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

27 қаңтар 2014, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.