Атырау, 24 қараша 18:00
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Полицейлер қазақстандықтардың сенiмдi қорғаушысы болуы керек

1 844 просмотра
Құқық қорғау органдары қызметкерлерi қазақстандықтардың сенiмдi қорғаушысы болуы керек. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында ҚР Президенті Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 

«Құқық қорғау органдары кадрлық саясатының тұжырымдамасын ҚР Құқық қорғау жүйелерiн одан әрi жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асырудың маңызды құралдарының бiрi деп қарастырып отырмыз. Аталған құжаттың басты мақсаты бiлiктiлiгi, тәртiбi мен беделi жоғары қызметкердi қалыптастыру болып табылады. Қазақстандықтар құқық қорғау органдары қызметкерлерiн өздерiнiң сенiмдi қорғаушысы мен көмекшiсi деп тануы керек», - деді ол.

«Кезектен тыс аттестаттау жеке құрамды бағалаудың кешендi жүйесiн құру қажеттiлiгiн тудырды. Бiз осы бағытта жұмыстар жасайтын боламыз. Алғашқы дайындық пен бiлiктiлiктi арттыру жүйесi үздiк еуропалық әдiстер мен стандарттар бойынша реформаланады. ҚР Президентi жанынан құқық қорғау органдарындағы кадрлық саясат мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылып, Президенттiк резервтi қалыптастыру ережелерi бекiтiлдi», - деп толықтырды А.Шпекбаев.

Ол бүгiнгi күнi Комиссия өткiзген 8 отырыстың нәтижесi бойынша 19 басшының кадрлық тағайындауы мақұлданып, Президенттiк резервке 13 офицер қабылданғанын айтты.

Дереккөз: bnews.kz

 

24 қаңтар 2014, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.