Атырау, 24 қараша 17:33
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

14 жасар қызды зорлап өлтірген В.Бахаревтің ісі бойынша сот тыңдауы өтеді

2 415 просмотра
Бүгін Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында 14 жастағы Настя Шарипованың өліміне қатысты алдын ала сот тыңдауы жабық режимде өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі соттың баспасөз хатшысы Ержан Қалкенге сілтеме жасап.

«Н.Шарипованы зорлап өлтірген Виктор Бахаревке қатысты қозғалған қылмыстық іс соттың қарауына кеше түсті. Алдын ала сот тыңдауы да сол күнге белгіленген болатын. Алайда сотталушы қорғаушысының келмеуіне байланысты сот тыңдауы бүгінге ауысты. Тыңдауда бұл істі қандай соттың қарайтыны қарастырылатын болады: әдеттегі немесе алқа билердің қатысуымен. Сотта кәмелеттік жасқа толмаған адамның өлімі қаралатындықтан, сот тыңдауы жабық режимде өтеді», - деді Е.Қалкен.

20 жастағы В.Бахаревке ҚР ҚК 3 бабы бойынша (өлтіру, зорлау және күш қолдану) айып тағылған.

Естеріңізге салып өтсек, Ақсу қаласының ауылды аумағындағы Евгеньевка ауылының тұрғыны 14 жасар Настя Шарипова 21 қазанда жоғалып кеткен. Сабақтан кейін қыз бала үйіне кетіп, бірақ үйіне сол күйі оралмаған. Оның мәйіті 3 қараша күні мектеп пен үй арасындағы жолда құлаған ғимараттың үйінділерінің ортасынан шұңқырдан табылды. Бас күдікті ретінде сол ауылдың тұрғыны В.Бахарев ұсталды. Тергеу барысында белгілі болғандай,қылмыскер алдымен қызды өлтіріп, содан кейін зорлаған.

Дереккөз: bnews.kz

 

22 қаңтар 2014, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.