Атырау, 24 қараша 17:50
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұсабаев «Антигептил» белсенділерін «ауру» деп атады

2 678 просмотра

Талғат Мұсабаев дәл кабинетінің терезесі астында наразылық танытып жатқандарға қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады. Табиғат жанашырларының әрекеті «Қазғарыш» төрағасына жақпай қалғанға ұқсайды. Кездесуден де бас тартып, тіпті қарсылық білдірушілердің «денінің саулығына» күмән келтіріп отыр.

-   Кездесуге дайынсыз ба?

Дені сау адамдармен «ИӘ»

-  Ауру адамдармен  «ЖОҚ»

Ғарышкердің бұл сөзі тағы үлкен дауға қалатын түрі бар. Ашық текетіреске көшкен «Антигептил» қозғалысының мүшелері алған бетінен қайтпақ емес. Осымен екінші апта Ұлттық ғарыш агенттігінің алдында кезектесіп бір-бірден наразылығын жалғастырып жатыр. Тіпті бір белсенді Талғат Мұсабаевты жекпе-жекке шақырған болатын. Ғарышкер оны бұзақыға теңеді. Ал Байқоңырдан улы гептилмен ұшырылатын «Протонға» түбейгейлі тиым салуды талап етушілер жалғыз адамдық акция "митингкке жатпайды" деп есептейді. Бірақ прокурорлар олай ойламайды. Қарсылық білдірушілер плакатын ашқан бойда полицияға ұстатып жіберуде. Заңсыз шеру ұйымдастырғаны үшін  сот оларға кемі 40 мың теңгеден айыппұл салған. Ғарышқа қосқан үлесім зор деген "Халық қахарманы", «Протонға» тыйым салсақ, Байқоңыр «қаңырап қалады» деп отыр.

Дереккөз: КТК

22 қаңтар 2014, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.