Атырау, 27 шілде 05:27
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Жаңа алтын монета шығарылды

3 273 просмотра

Нумизматтар кезекті жаңа монетаның соңына түсті. 13 желтоқсанда Қазақстанның ұлттық банкі айналымға  999 сынама алтыннан жасалған «Dome of the rock» (Жартасты күмбез) ескерткіш монетасын шығарды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортада Ислам қасиетті орындарына кіруді бейнелейтін стильдендірілген босағадан, геральдикалық спиральдан тұратын композиция  суреттелген және монетаның номиналын білдіретін “500 ТЕҢГЕ” деген жазу бар. Екінші жағында «Жартасты күмбез» мешітінің бейнесі бар. Монетаның таралымы 3 мың дана.

 А.П.

15 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.