Атырау, 24 қараша 18:07
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тергеу судьясы лауазымы енгізіледі - ҚР Бас прокуратурасы

3 330 просмотра

Жаңа редакциядағы Қылмыстық іс жүргізу кодексі жобасында «тергеу судьясы» лауазымын енгізу көзделеді. Бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформалар комитетінің кеңейтілген отырысында Иоган Меркель осылай мәлім етті.

Еске салайық, комитет отырысында Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясы талқыланған болатын.
ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркельдің айтуынша, тергеу судьясы - сотқа дейінгі іс жүргізу барысында осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырушы бірінші сатыдағы сот судьясы ретінде айқындалған. Сонымен қатар, тергеу судьясы негізінен прокурорлармен бірге Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғауды қадағалайды. «Тергеу судьясы күзетпен ұстауға санкция беру, үй қамаққа отырғызу, медициналық мекемеге күшпен қамау және тағы басқа шаралардың қаншалықты заңды екендігін тексереді. Сондай-ақ, тергеу судьясы ауыр және аса ауыр қылмыстардан бөлек істер бойынша кепілзаттың көлемін анықтай алады. Ал кепілзат жасалған бойда тергеу оқшаулағышының басшысы күдікті азаматты босатуы шарт. Ол үшін соттың қосымша шешімі керек емес», - дейді Иоган Меркель. Алайда адам өлімі, ұйымдасқан қылмыс және лаңкестікке қатысы бар азаматтардың кепілзаты қабылданбайды.
Тоқтала кететін жайт, тергеу судьясы бірінші сатыдағы сот судьяларының жиналысында осы сот судьяларының қатарынан сайланады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

21 қаңтар 2014, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.