Атырау, 24 қараша 16:51
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

2014 жылы Астана және Алматы агломерацияларын 2030 жылға дейін дамыту стратегиялары әзірленеді

1 688 просмотра
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2014 жылы Астана және Алматы агломерацияларын 2030 жылға дейін дамыту стратегиялары әзірленеді. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы аясындағы міндеттерге арналған брифингте ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта Астана және Алматы агломерацияларын дамыту бойынша комиссия құрылды. Шымкент және Ақтөбе агломерациялары үшін мұндай комиссиялар облыстық әкімдік деңгейінде тиісті өңірлерде құрылып жатыр», - деді Б.Жәмішев.

Министр хабарлағандай, мемлекет аумағын ұйымдастырудың бас схемасы аясында 2014 жылы қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары әзірленбек. Сондай-ақ, әрбір агломерацияның осындай схемасы дайындалады деп жоспарланып отыр.

«Мұнымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2014 жылы Астана және Алматы агломерацияларын 2030 жылға дейін дамыту стратегиялары әзірленеді», - деп толықтырды ол.

Деркккөз: bnews.kz

 

20 қаңтар 2014, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.